«Палмейрас» шабуылшысы «Реал Мадрид» сапына қосылды

«Палмейрас» шабуылшысы «Реал Мадрид» сапына қосылды

Эндрик «Реал Мадрид» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

«Реал» «Пальмейрастың» 16 жастағы шабуылшысы клубқа ауысқанын жариялады. Ол командаға 2024 жылы шілдеде қосылады.

Бразилиялық ойыншының клубпен келісімшартының мерзімі жарияланбады. Фабрицио Романоның мәліметінше, келісімшарт 2027 жылға дейін есептелген және оны тағы 3 жылға ұзарту мүмкіндігі болады.

Мадридтік клуб ойыншы үшін 60 миллион еуро төлейтіні хабарланған болатын: 35 млн– бірден, тағы 25 млн – бонус түрінде. Эндриктің жалақысы жылына 2 миллион еуро болады.

2022 жылы Эндрик Бразилия жоғарғы лигасында 7 ойында 3 гол соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или