Иван Фищенко «Арлан» ойыншысы атанды

Иван Фищенко «Арлан» ойыншысы атанды

Шабуылшы Иван Фищенко «Арлан» ХК екі маусымға келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі көкшетаулық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 жастағы хоккейші осы маусымды «Буран» клубында бастап, 18 кездесуде 7 (2+5) ұпай жинады. Фищенконың ҚХЛ-да ойнау тәжірибесі бар, онда ол «Авангард» пен «Адмирал» сапында өнер көрсетті. Ол лигада 147 кездесу өткізіп, 19 (8+11) ұпай жинаған.

Сондай-ақ шабуылшы «Сарыарқа» сапында 2015-2016, 2016-2017 және 2018-2019 маусымдарында өнер көрсеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или