Екінші лиганың үздік сұрмергені «Қайсарға» ауысуы мүмкін

Екінші лиганың үздік сұрмергені «Қайсарға» ауысуы мүмкін

«Тұран» футбол клубының шабуылшысы Бақдәулет Зүлфиқаров «Қайсарға» ауысуы мүмкін, деп жазады  Prosports.kz.

Meta-ratings.kz порталы 21 жастағы ойыншы қызылордалық клубта қаралымнан өтіп жатқанын хабарлады.  

Өткен маусымда Зүлфиқаров Екінші лигада жиырма бес гол соғып, үздік сұрмерген атанды. «Тұранның» негізгі командасында 6 матчқа қатысып, бір гол соқты.

Бұған дейін ол «Қыран», «Академия Оңтүстік» және беларусьтік «Энергетик-БГУ» командасында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или