Түркістан балалары Хорватияға барып, футбол ойнап үйренеді
Түркістан балалары футбол әліпбиін Хорватияда үйренеді. Бұған қоса өңірдегі балалар футболын дамытуда Хорватияның тәжірибесі қолданылады.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Хорватияның Туризм және спорт министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Тончи Главина бастап келген делегацияны қабылдады. Кездесу тараптар спорт пен туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды талқылады.

– Облыста спорт саласын дамытуға, оның ішінде футболды дамытуға күш салынады. Осы арқылы туризмді дамытуға да мүмкіндік артпақ. Біздің жасөспірім футболшыларды даярлауда Хорватия мамандары мен футбол академияларымен бірлесе жұмыс атқаруға дайынбыз, – деді облыс әкімі.

Биыл «Тұран» футбол академиясы облыс тарихындағы ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Үш жас командалары құрдастары арасында үздік шықса, тағы екі командамыз жүлдегер атанды.