Пара-хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екінші орын алды

Пара-хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екінші орын алды

Пара-хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының С дивизионында сәтті өнер көрсетіп, екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионат 6-11 желтоқсан аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтті.

Турнирге Қазақстан, Таиланд, Австрия, Ұлыбритания және Франция командалары қатысты. Отандық параспортшылар үшін бұл жоғары деңгейдегі алғашқы жарыс болды. Дебюттік турнирде спортшыларымыз төрт кездесудің үшеуінде сенімді жеңіске (7:0, 10:0 және 9:2) жетіп, тек Ұлыбританияға (0:6) есе жіберді. Әрі турнирлік кестеде екінші орынға тұрақтады.

Осылайша, команда Жоғарғы лигаға жолдама алды, 2023 жылы өтетін келесі чемпионатта біздің құрама В тобында өнер көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или