Қазақстан құрамасының футболшысы «Астанадан» кетуі мүмкін

Қазақстан құрамасының футболшысы «Астанадан» кетуі мүмкін

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Астанадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клубтың бапкерлер штабы оның орнына басқа футболшыны іздеп жатыр.

Дарабаев өткен маусымда «Астана» сапында 24 матч өткізіп, екі гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ 2022/2024 жылғы Ұлттар лигасында орталық жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасының жетекші ойыншыларының біріне айналды. Сырттағы Словакияға қарсы ойында жеңіс голын соғып, бір нәтижелі пас берді.

Бұған дейін Дарабаев «Шахтер», «Ақтөбе», «Қайрат», «Ертіс», «Жетісу» және «Тобыл» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или