Астанадағы бокс кешінде WBC титулы үшін айқас өтеді

Астанадағы бокс кешінде WBC титулы үшін айқас өтеді

16 желтоқсанда Астанада «Барыс Аренада» кәсіпқой бокс кеші өтеді. Оған қазақстандық және шетелдік боксшылар қатысады.

BoxRec.com мәліметінше, шоудағы жекпе-жектердің бірінде әйелдер титулдық айқасы өтеді. Жеңіліп көрмеген америкалық Росалинда Родригес (13-0, 3 КО) аргентиналық Дебора Ванеса Гомеспен (8-8-2, 1 КО) жұдырықтасады. Жеңіл салмақтағы WBC International белбеуі бәске тігіледі.

Кештің басты оқиғасы – «Қазақ жауынгері» лақап атымен танымал Елшат Нығметолла (17-0-1, 5 КО) филиппиндік Ренц Розиамен (17-9-1, 9 КО) жеңіл салмақтағы WBC International Silver бос тұрған титулы үшін күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или