Волейболшы Сәбина Алтынбекова карьерасын қайта бастады

Волейболшы Сәбина Алтынбекова карьерасын қайта бастады
Белгілі қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова спортқа оралды, ол енді БАӘ-нің «Әл-Васл» клубында ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәбина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірліктеріндегі клубтың ойыншысы болғаны туралы жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Екі жыл бұрын Сәбина Алтынбекова отбасылық жағдайына байланысты карьерасын тоқтатуға мәжбүр болған еді. Ол бұған дейін итальялық «Касерта» волейбол клубында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или