Әлімханұлы Алматыда өтетін бокс кешіне құрметті қонақ ретінде қатысады

Әлімханұлы Алматыда өтетін бокс кешіне құрметті қонақ ретінде қатысады

11 желтоқсанда Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінің хедлайнері қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (13-0, 8 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«11 желтоқсанда өтетін титулдық жекпе-жек алдында WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы маған сәттілік тіледі. Рақмет. <span>Кештің мәртебелі меймандарының бірі осы жігіт. Чемпионның қолдауы - алтынға бергісіз! Үлкен шоуда кездескенше!»</span> – деп жазды Жанқош Тұраров Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Оңтүстік астанада Жанқош жартылай орта салмақта венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен (11-5-1, 7 КО) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или