«Барыс» - «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясы
2 желтоқсанда астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында екатеринбургтік «Автомобилистті» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар осы аптада екінші рет кездеседі - дүйсенбіде Екатеринбургте өткен ойында «Автомобилист» жеңіске жеткен. Осы матчтан кейін екатеринбургтік команда төрт күндік үзіліс алған, ал «Барыс» 30 қарашада «Тракторды» 4:1 есебімен жеңген.
Қазақстандық хоккей жанкүйерлері Андрей Скабелка шәкірттері жеңіс қарқынын жалғастырып, Шығыс конференциясының көшбасшысын биылғы маусымда екінші рет жеңе алады деп үміттенеді (20 қыркүйекте «Барыс» Астанада «Автомобилистті» 2:0 есебімен жеңген болатын).
«Барыс» - «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады, оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
Фото hcbarys.kz