«Ақтөбе» Логвиненконың мансабын аяқтағанын жоққа шығарды
«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі Юрий Логвиненконың мансабын аяқтағанын жоққа шығарды, деп жазады Prosports.kz.
- Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Ақтөбе» футбол клубының капитаны Юрий Логвиненко мансабын аяқтап, клубтың спорттық директоры болып тағайындалады деген хабарлама жарық көрді.

Осыған сәйкес «Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Тәжірибелі ойыншы қазір еңбек демалысында және футболшы ретінде мансабын аяқтау туралы шешім қабылдаған емес.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.