Мексика капитаны Мессиді сынаған Канелоға қарсы пікір айтты
Мексика құрамасының капитаны Андрес Гуардадо Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді қолдайтын пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құрамалар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчтан кейін Лео киім ауыстыратын бөлмеде жерде жатқан Мексика жейдесін басып кеткен. Әйгілі мексикалық боксшы Канело Альварес бұл әрекеті үшін Мессиді жазалайтын деп уәде берді. Алайда Мексика құрамасының капитаны бұл ойды қолдамайды.
«Мен Мессидің кім екенін білемін. Мүмкін Канело киім ауыстыратын бөлмеде не болып жатқанын түсінбейтін шығар. Оның сөздері маған қисынсыз болып көрінеді. Мен де Мессидің жейдесін жерге тастадым, өйткені киім ауыстыратын бөлмеде еденде жатқанның барлығын жуу керек. Жуылған өзімде қалдыржым», - деп келтіреді TN басылым Гуадрадоның сөзін.