ҚПЛ: 2022 жылдың үздік футболшысы анықталды

ҚПЛ: 2022 жылдың үздік футболшысы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы биылғы маусымдағы еліміздің үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл номинацияның жеңімпазы маусым барысында (наурыз-қазан) айдың үздік ойыншысы атағындағы жеңістер саны бойынша анықталды.

2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша шымкенттік «Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов осы марапатқа ие болды. 22 жастағы Астанов маусым және шілде айларында екі рет қатырынан үздік атанды.

Эльхан Астанов Қазақстан чемпионаты аясында 26 ойынға қатыып, 7 гол соқты және 6 нәтижелі пастың авторы атанды. Қазақстан кубогында ол 8 ойынға қатысып, 3 гол соқты және 3 ассист жасады. Астанов «Ордабасы» сапында Қазақстан кубогын жеңіп алды. Қазақстан құрамасының сапында Эльхан 5 ойын өткізіп, 1 гол соғып, 1 гол нәтижелі пас берді.    

Сонымен қатар «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Хосе Канте (наурыз айында), «Тараз» және «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана (сәуір), «Атыраудың» шабуылшысы Андрия Филипович (мамыр), «Тараздың» шабуылшысы Абылайхан Жұмабек (тамыз), «Ақсудың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев (қыркүйек) және «Астана» командасының сұрмергені Педро Эуженио (қазан) маусым барысында үздіктер қатарына кірді.

Айта кетейік, 2021 жылдан бері еліміздің үздік ойыншысына Тимур Сегізбаев атындағы сыйлық табысталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или