Щеткиннің командасы чемпионаттағы матчта жеңіске жетті

Щеткиннің командасы чемпионаттағы матчта жеңіске жетті

Қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин өнер көрсететін краснодарлық «Кубань» өз алаңында ульяновскілік «Волганы» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей Ұлттық футбол лигасының 20-турындағы ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голы 56-минутта Нури Абдоков соқты.

Щеткин негізгі құрамда шығып, ойынды толық өткізді.

20 турдан кейін «Кубань» 19 ұпаймен 15-орында келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или