Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы үн қатты
Кубалық Давид Моррельге қарсы жекпе-жектен кейін комаға түскен қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы отандастарына алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ербосынұлы Instagram Stories-те жанкүйерлерінің хаттарын жариялап, ыстық ықыласы үшін алғыс білдірді.
«Осыған ұқсас SMS-тер өте көп келген екен, барша қолдап жатқан халқыма рақмет. Алла жазса, мықты болып ораламын. Алла жазса, алар асуымыз алда», - деп жазды Ербосынұлы.
Айта кетейік, 6 қарашада Ербосынұлы Миннеаполисте (АҚШ) Моррельмен екінші орта салмақта WBA уақытша чемпионы титулын сарапқа салған. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіпі, ауруханаға түскен еді. Миына қан құйылып, жасанды комуға түскен. Таяуда боксшының өкілдері Айдостың жағдайы жақсарғанын, комадан шыққанын хабарлаған еді.