«Ақтөбе» ФК Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды

«Ақтөбе» ФК Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды

«Ақтөбе» футбол клубы Директорлар кеңесінің кезекті отырысында жаңа төраға тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болат Бауыржанұлы Мажағұлов бұған дейін Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарған.

Жаңа төраға Директорлар кеңесіне мүше және тәуелсіз директор ретінде «13 сектор» жанкүйерлер қозғалысының өкілі Фархат Имашевті қабылдауды ұсынды. Сондай-ақ отырыс аясында өткен маусым қорытындыланып, клубтың келер жылдағы бюджеті мен басқа да маңызды мәселелер талқыға салынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0