Бокс

Бивол келесі жылы күзде Альвареспен реванш өткізуі мүмкін

Бивол келесі жылы күзде Альвареспен реванш өткізуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында мексикалық Сауль Альвареске қарсы реванш өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ТАСС-қа жұма күні Биволдың командасы хабарлады.

8 мамырда Бивол Альваресті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, WBA супер ауыр салмақтағы титулын қорғап қалған. 6 қарашада мексикалықтың командасы 2023 жылдың басында Биволға қарсы реванш өткізуге дайын екенін хабарлаған болатын.

«Дмитрийдің мамырдағы қарсыласы Джошуа Буатси болуы мүмкін. Альвареспен реванш қыркүйек-қазан айларында қарастырылуы мүмкін», - деді агенттікте.

Бивол 31 жаста, оның есебінде 21 жеңіс (11 нокаутпен) және бірде-бір жеңіліс жоқ.

Фото: ringtv.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер