Дортмундтық «Боруссия» шабуылшысы Себастьян Аллерге екінші ота жасалды

Дортмундтық «Боруссия» шабуылшысы Себастьян Аллерге екінші ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>«</span>Екінші операция сәтті өтті! Медицина қызметкерлеріне күнделікті көмектері үшін рақмет. Оңалтуды асыға күтіп жүрмін<span>», - деп жазды Аллер Twitter-де.</span>
<span>28 жастағы футболшы былтыр жазда «Аякстан» дортмундтық «Боруссияға» 35 миллион еуроға ауысқан болатын. Шілдеде ойыншыға қатерлі ісік диагнозы қойылып, ота жасалған.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или