Командалық

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстандық спортшылар 28:24 (7:9) есебімен жеңіске жетті. Алеся Малышева бес гол, Жанерке Сейітқасым, Камила Серікбаева және Вероника Хардина төрт голдан, Дана Әбілда мен Кристина Степанова үш голдан соқты.

Дана Әбілда матчтың үздік ойыншысы атанды.

Еске салайық, кеше қазақстандықтар Қытайдан 26:28 есебімен жеңіліп қалған болатын. Келесі матчты Қазақстан жексенбі күні Тайландқа қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0