Максим Самородов - маусымның үздік жас ойыншысы

Максим Самородов - маусымның үздік жас ойыншысы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымның үздік жас ойыншысын анықтау мақсатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының бас бапкерлері мен команда капитандары арасында сауалнама ұйымдастырды.

2021 жылғы маусымнан бастап ҚКФЛ бастамасымен «Маусымның ең үздік жас ойыншысы» жүлдесі қазақстандық футболдың атақты ардагері Анатолий Ионкиннің есімімен аталады.

Өткен сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбе» ФК мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов еліміздің үздік жас ойыншысы атанды. 20-жасар ойыншы ел біріншілігінде қатысқан 22 ойында 3 гол соғып, 5 нәтижелі пастың авторы атанды.

Тізімдегі екінші орын «Қайраттың» футболшысы Әділет Садыбековтың еншісінде. Садыбеков алматылық команданың құрамында бәсекелестікті жеңіп, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізді.

Үшінші орынды еліміздің барлық ішкі жарыстарында 12 гол соққан «Тараз» командасының жас шабуылшысы Абылайхан Жұмабек иеленді.

Кім кімге дауыс берді:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер