Әлем футболы

Роналду тарихта бес әлем чемпионатында гол соққан бірінші ойыншы атанды

Роналду тарихта бес әлем чемпионатында гол соққан бірінші ойыншы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду бесінші әлем чемпионатында гол соғып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турында Гана құрамасының қақпасына 65-минутта гол соқты.

Бұған дейін Роналду 2006, 2010, 2014 және 2018 жылдардағы әлем чемпионаттарында гол соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер