2022 жылғы маусымдағы Бірінші лиганың үздік ойыншысы анықталды

2022 жылғы маусымдағы Бірінші лиганың үздік ойыншысы анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Бірінші Лига клубтары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің үздік футболшысын анықтайтын сауалнаманы қорытындылап, жылдың үздік ойыншысын атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аяқталған маусымның айларының сауалнамаларында жеңістердің саны бойынша 2022 жылғы маусымның үздік ойыншысы атағын көкшетаулық «Оқжетпестің» шабуылшысы Руслан Болов жеңіп алды. Ресейлің ойыншы өткен маусымның 7 айында (шілде-қазан аралығында) 4 рет үздік ойыншы атанды.

Сонымен қатар айдың үздік ойыншысы жүлдесін Марлен Айманов («Екібастұз», маусым айы), Адам Диалло («Қайсар», мамыр) және Санат Жұмаханов («Оқжетпес», сәуір) жеңіп алды.

Аталмыш жүлдеден бөлек Руслан Болов Бірінші Лиганың үздік сұрмергені және үздік шабуылшысы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0