Кейн мен тағы 8 құраманың капитаны ЛГБТ-ті қолдағаны үшін бірден сары қағаз алуы мүмкін

Кейн мен тағы 8 құраманың капитаны ЛГБТ-ті қолдағаны үшін бірден сары қағаз алуы мүмкін

Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн және тағы 8 капитан әлем чемпионаты уақытында ЛГБТ қауымдастығын қолдау үшін арнайы капитандық белгімен шықпақ. Бірақ сол үшін олар матч басталмай жатып сары қағаз алуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Кейн, сондай-ақ германиялық Мануэль Нойер, даниялық Симон Кьер, нидерландтық Вирджил ван Дейк және басқа да капитандар «Бір махаббат» деген жазумен, түрлі-түсті капитандық белгімен шыққысы келетіні хабарланған.

ФИФА сенкцияланбаған слогандарға тыйым салған. Ал Англия футбол қауымдастығы (FA) ФИФА-дан капитандық белгі бойынша ресми хан алмағанын, қажет болса айыппұл төлеуге дайын екенін жазған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0