Хайме Мунгия келесі қарсыласы ретінде Головкинді таңдағанын мәлімдеді

Хайме Мунгия келесі қарсыласы ретінде Головкинді таңдағанын мәлімдеді

Жеңіліп көрмеген орта салмақтағы мексикалық боксшы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) аргентиналық Гонсало Гастон Корияны (21-6, 8 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін келесі қарсыласы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Мунгия айқастан кейін рингте берген сұхбатында келесі жылдың мамырында танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) айқасқысы келетінін мәлім етті.

Головкин WBA Super және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарының иегері.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или