32 нокаут көрсеткіші бар мексикалық чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды

Орта салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (40-0, 32 КО) келесі жылы орта дивизионда WBA Super, IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.
"Сөзсіз, "Канеломен" өткен соңғы жекпе-жегінде Головкин өзінің әлі де керемет боксшы, мықты әрі қызығарлық екенін дәлелдеді. GGG Канелоға қарсы тамаша жекпе-жек өткізді. Менің ойымша, біз онымен тартысты жекпе-жек өткізер едік. Оның үстіне ол әлі де болса орта салмақтағы чемпион, мен титул үшін күрескім келеді", - деп келтіреді Boxingscene.com Мунгияның сөзін.
Головкинмен жұдырықтаспас бұрын мексикалық осы демалыс күндері аргентиналық Гонсало Кориядан (21-5, 8 КО) өтуі керек. Мунгияның айтуынша, оның қарсыласы қауіпті.
"Ол (Кория) солақай, сондықтан бастарымызды соғыстырып алмас үшін өте сақ болу керек. Солайқалармен жекпе-жек өткізу әрқашан қиын, мен көптен бері мұндай кездесу өткізбедім. Кориа – нокаут жасау үшін бекініп жүреді, ол мықты жігіт", - деп қосты Мунгия.
Еске салайық, Головкин Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жегін қыркүйекте өткізген болатын. Трилогия 12 раундқа созылып, мексикалықтың жеңісімен аяқталған.