ҚПЛ клубы бас бапкерін ауыстырады

Қазақстандық «Шахтер» бапкері Вахид Масудов командадан кететін болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Тәжірибелі маман команданы осы жазда басқарды. Масудов тұсында «Шахтер» ҚПЛ-да жетінші орын алды және Қазақстан кубогының ширек финалына шықты.
Қарағандылық клуб жаңа бапкерді қысқы маусымаралық кезеңде іздейді.
Масудов 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын басқаруды жалғастырып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или