Қазақстан авиадиспетчерлері футболдан әлем чемпионы атанды

Қазақстан авиадиспетчерлері футболдан әлем чемпионы атанды

7-11 қараша аралығында Испанияның Тенерифе аралында авиадиспетчерлер арасында футболдан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оған 16 мемлекет қатысты. Қазақстан атынан «Қазақстан» және «Астана» аэронавигациялық қызметтері қызметкерлерінің екі командасы бақ сынады.

Турнир барысында біздің командалар Венгрия, Америка Құрама Штаттары, Кипр, Испания, Италия әуе диспетчерлерінің құрама командаларымен футбол матчын өткізді.

Тартысты өткен ойында қазақстандықтар жеңіске жетіп, финалға шықты.

Нәтижесінде «Қазақстан» Қазаэронавигация РМК командасы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Ал «Астана» Казаронавигация РМК командасы - екінші орын, үшінші орынды Испанияның «Интернешнл» құрама командасы иеленді.

 

Фото: t.me/caa_kaz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или