Азия чемпионатының финалдық кездесулері өтеді

Азия чемпионатының финалдық кездесулері өтеді

Бүгін Аммандағы бокстан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін ерлер арасындағы финалдық кездесулер өтеді. 

Қазақстан атынан тоғыз боксшы ақтық сында өнер көрсетеді. Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін), Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін), Айбек Оралбай (92 келіге дейін) және Қамшыбек Күнқабаев (92 келіден жоғары) алтын медальге таласады. 

Иордания астанасынан тікелей трансляция Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или