«Астананың» бұрынғы футболшысы әлем чемпионатына қатысады

«Астананың» бұрынғы футболшысы әлем чемпионатына қатысады

57 жастағы Драган Стойкович бастаған Сербия құрамасының бапкерлер штабы алдағы Катарда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын футболшылардың есімдерін жариялады. Өтінімге 26 ойыншы, оның ішінде үш қақпашы кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімде қазақстандық «Астана» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Неманя Максимович бар.

Қақпашылар: Марко Дмитрович («Севилья»), Предраг Райкович («Мальорка»), Ванья Милинкович-Савич («Торино»).

Қорғаушылар: Стефан Митрович («Хетафе»), Никола Миленкович («Фиорентина»), Страхиня Павлович («РБ Зальцбург»), Милош Велькович («Вердер»), Филип Младенович («Легия»), Страхина Эракович («Црвена Звезда»), Срдян Бабич («Альмерия»).

Жартылай қорғаушылар: Неманья Гудель («Севилья»), Серхиу Милинкович-Савич («Лацио»), Саша Лукич («Торино»), Марко Груйич («Порту»), Филип Костич («Ювентус»), Урош Рачич («Брага»), Иван Илич, Дарко Лазович («Верона»). , Андрия Живкович (ПАОК), Неманья Максимович («Хетафе»). Шабуылшылар: Душан Тадич («Аякс»), Александр Митрович («Фулхэм»), Душан Влахович («Ювентус»), Филип Дюричич («Сампдория»), Лука Йович («Фиорентина»), Неманья Радонич («Торино»).

Сербия 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Бразилия, Камерун және Швейцариямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0