Бокс

Шымбергенов карьерасында үшінші рет Азия чемпионатының финалына шықты

Шымбергенов карьерасында үшінші рет Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов бокстан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир Иорданияның Амман қаласында өтіп жатыр.

71 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Шымбергенов жартылай финалда моңғолиялық Бьямберден Отгонбаатармен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Енді ол турнирдің финалында жұдырықтасады.

Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов - халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дүниежүзілік əскери ойындардың жеңімпазы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0