Азия чемпионаты: Гүлсая Ержан финалға жолдама алды

Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан 2022 жылы Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
81 келі салмақта жартылай финалдық жекпе-жекте Гүлсая Ержан вьетнамдық Тхи Хуонг Нгуенмен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Гүлсая Ержан турнирдің финалына шығып, құрлық біріншілігінің «алтынын» сарапқа салады. 2019 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или