Беларусь чемпионатының үздік сұрмергені Өзбекстан құрамасына шақырылды
Беларусьтік «Энергетик-БГУ» командасында доп тебетін шабуылшы Бобур Абдихоликов Өзбекстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өзбекстан құрамасының бас бапкері Сречко Катанец Абдихоликовты 16 және 20 қарашада Ташкентте өтетін Қазақстан және Ресей құрамасына қарсы жолдастық кездесуге шақырды.
Айта кетейік, Абдихоликов Беларусь чемпионатының биылғы маусымында 26 гол соқты. Ол Беларусь жоғарғы дивизионында бір маусымда ең көп гол соққан легионер атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или