Милан Миланович: «Мен қоланы лайықты нәтиже деп санаймын»

Милан Миланович: «Мен қоланы лайықты нәтиже деп санаймын»

«Сары-жасылдардың» бас бапкері «Ақжайықпен» ойын туралы пікірін айтты.

— Жақсы ойын үшін қарсыласымызға рақмет. Бізде тәжірибелі және сапалы футболшылар бар, солардың арқасында біз лайықты жеңіске жеттік және матчқа дайын болдық. Алғашқы минуттарда алаң иелері шабуылда позициялы шабуылдармен әрекет етті, біз өз сәтімізді күттік. Доп соққаннан кейін ойынды бақылауымызға алдық.

«Тобылды» келесі маусымдағы еурокубоктарда өнер көрсетуге мүмкіндік беретін лайықты үшінші орынмен құттықтаймын. Маусым барысында біз «Астана», «Қайрат», «Ақтөбе» командаларын жеңдік, бұл лайық нәтиже. Облыс және клуб басшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Атқарылған жұмыстары үшін медициналық және жаттықтырушылар штабына рақмет. Жанкүйерлерімізге де ризашылығымды білдіргім келеді. Әрқашан командамен бірге болғандарыңызға рақмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или