Геннадий Головкин Айдос Ербосынұлы мен оның отбасына қолдау көрсетті

Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин отандасы әрі әріптесі Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>«Айдос, денсаулық пен тез айығуыңды тілеймін. Жақындарың мен туыстарыңа күш қуат берсін», — деп жазды GGG Instagram парақшасында.</span>
Еске салайық, Миннеаполистегі (АҚШ) The Armory аренасында өткен бокс кешінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) Дэвид Моррельден (8-0, 7КО) жеңіліп қалған. Кубалық боксшы 12-раунда нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы медициналық орталыққа жеткізіліп, боксшыға ота жасалған.
<span> Дәрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол 2 аптаға жуық бақылауда болады</span>

Фото instagram.com/suleimen_promotions_official