Еуропа лигасы өтпелі матчтарының жеребесі тартылды

Еуропа лигасы өтпелі матчтарының жеребесі тартылды

Бүгін Ньондағы Еуропа футбол одағының штаб-пәтерінде Еуропа лигасы өтпелі матчтарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеребе тарту рәсіміне 16 клуб қатысты: Еуропа лигасының топтық кезеңінде екінші орын алған сегіз клуб (еленгендер) және Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған сегіз клуб (еленбегендер).

Жеребе қорытындысы:

«Аякс» (NED) - «Унион» (GER)
«Байер» (GER) - «Монако» (FRA)
«Барселона» (ESP) - «Манчестер Юнайтед» (ENG)
«Зальцбург» (AUT) - «Рома» (ITA)
«Севилья» (ESP) - «ПСВ»(NED)
«Спортинг» (POR) - «Митьюлланд» (DEN)
«Шахтер» (UKR) - «Ренн» (FRA)
«Ювентус» (ITA) - «Нант» (FRA).

Алғашқы ойын Чемпиондар лигасында үшінші орын алған командалардың алаңында өтеді.

Айта кетейік, бірінші ойындар 16 ақпанға жоспарланған, ал екінші матчтар бір аптадан кейін өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или