Бокс

Ербосынұлы нокауттан кейін жасанды комаға түсті

Ербосынұлы нокауттан кейін жасанды комаға түсті

Кубалық Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жекте ауыр нокаутпен жеңілген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы жасанды комаға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Екінші орта салмақтағы WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек кеше өтті. Моррель Ербосынұлын жекпе-жектің 12-раундында нокаутқа түсірген болатын.

Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, боксшының миына қан құйылып, жасанды комаға түскен.

TGB Promotions пен Premier Boxing Champions телефраншизасы Айдостың жағдайы туралы нақты ақпарат бермеді.

"Оның жеке өмірін құрметтейміз және біз ешқандай мәліметтерді бөлісе алмаймыз, бірақ бокс қауымдастығынан дұғада болуды сұраймыз", - делінген мәлімдемеде.

Жекпе-жек 12-раунда мерзімінен бұрын аяқталды, төреші жекпе-жекті тоқтатып, Моррель нокаутпен жеңіске жетті деп есептеді. Ербосынұлы үшін бұл кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды.

Фото: Twitter/ShowtimeBoxing

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0