Конференциялар лигасы өтпелі матчтарының жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

Конференциялар лигасы өтпелі матчтарының жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

Бүгін Ньондағы Еуропа футбол одағының штаб-пәтерінде Конференциялар лигасының өтпелі матчтарына жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рәсім Орталық Еуропа уақытымен 19:00-де басталады. Тікелей трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Жеребе тарту рәсіміне 16 клуб қатысады:

Топтық кезеңде екінші орын иегерлері (еленгендер)

«Андерлехт» (BEL)
«Базель» (SUI)
«Гент» (BEL)
«Днепр-1» (UKR)
«Лех» (POL)
«Партизан» (SRB)
«Фиорентина» (ITA)
ЧФР (ROU)

Европа лигасының топтық кезеңінде үшінші орын иегерлері

АЕК Ларнака (CYP)
«Брага» (POR)
«Буде-Глимт» (NOR)
«Карабах» (AZE)
«Лацио» (ITA)
«Лудогорец» (BUL)
«Трабзонспор» (TUR)
«Шериф» (MDA)

Бір ұлттық қауымдастықтың өкілдері өтпелі матчтарда кездесе алмайды. 

Командалар әр матчты үйде және сырт алаңда өткізеді. Еленген командалар қарымта ойындарын өз алаңында өткізеді. Егер қарымта матчтың негізгі уақыты аяқталғанда екі кездесудің қосындысы бойынша есеп тең болса, 15 минуттық екі қосымша тайм тағайындалады. Егер қосымша уақытта командалар гол соқпаса немесе бірдей гол соқса, жеңімпазды анықтау үшін пенальти сериясы өткізіледі.

Алғашқы ойындар 16 ақпанға жоспарланған, ал қарымта ойындар бір аптадан кейін өтеді.

Сегіз жұптың жеңімпаздары 1/8 финалда Конференция лигасының топ жеңімпаздары қатарына қосылады. Бұл кезеңнің жеребе тарту рәсімі 24 ақпанға жоспарланған. Жеңілген командалар еурокубок маусымын аяқтайды.

ФОТО uefa.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0