Бокс

Балқыбекова Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетеді

Балқыбекова Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетеді

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Балқыбекова таиландтық Тхипсатча Йодвариді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Демек қазақстандық боксшы турнирде кем дегенде қола медаль алады.

Айта кетейік, Балқыбекова былтырғы Азия чемпионатында алтын, әлем чемпионатында күміс медаль алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0