Бекбауов Азия чемпионатында қырғыз боксшысын жеңді

Бекбауов Азия чемпионатында қырғыз боксшысын жеңді

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Бекбауов 1/4 финалда қырғызстандық Жақсылық Талайбековты жеңді. Осылайша Дулат Бекбауов турнирдің жартылай финалына шығып, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль салды.

Қазірге дейін Қазақстан құрамасының он үш боксшысы жартылай финалға шықты: Санжар Ташкенбай (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі) , Дулат Бекбауов (67 келі); Жазира Орақбаева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Мәдина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі), Гүлсая Ержан (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или