Әлем чемпионы бола алмады. Айдос Ербосынұлы нокаутпен жеңілді

Әлем чемпионы бола алмады. Айдос Ербосынұлы нокаутпен жеңілді

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) Миннеаполисте (АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін кубалық Дэвид Моррельмен (7-0, 6 КО) жекпе-жек өткізді.

Бұл титулдық жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған болатын. Моррель 12-раундта нокаутпен ұтып кетті.

Осылайша, Дэвид Моррель кәсіпқой мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалса, Айдос Ербосынұлы кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или