Бокс

Кособуцкий чемпиондық жекпе-жекте жеңілмеген неміс боксшысын нокаутқа түсірді

Кособуцкий чемпиондық жекпе-жекте жеңілмеген неміс боксшысын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) неміс Хусейн Мұхамедпен (17-0, 14 КО) титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бокс кеші Оберхаузен қаласында (Германия) өтті. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Кособуцкийге тиесілі WBC International титулы бәске тігілді.

Жекпе-жек қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Үшінші раундта жерлесіміз қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіпқой мансабындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, ауыр салмақтағы WBC International чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0