Асланбек Шымбергенов Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсірді

Асланбек Шымбергенов Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсірді

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Асланбек Шымбергенов Амманда (Иордания) 2022 жылы өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Асланбек Шымбергеновтың 1/8 финалдағы қарсыласы филиппиндік Пианар Маржон болды.

Асланбек бірінші раундта 3:2 есебімен жеңіске жетіп, екіншісінде Маржонды әуелі нокдаунға, кейін нокаутқа түсірді.

Жартылай финалға шығу үшін Асланбек өз жекпе-жегінде таиландтық Фирапхат Есунноенді жеңген үндістандық боксшы Сачинмен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или