Нұралы Әліп еурокубокта ойнайтын клубқа ауыса ма?

Нұралы Әліп еурокубокта ойнайтын клубқа ауыса ма?

«Зенит» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп петерборлық клубтан кетсе, еурокубоктың көктемгі бөлігіне жолдама алған клубқа ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, «Зениттің» бас бапкері Сергей Семакпен жақсы қарым-қатынаста болғанына қарамастан, қазақстандық футболшы карьерасын петербургтік клубта жалғастыра ма, жоқ па, белгісіз.

Бұған дейін «РБ Спорт» «Зенит» футболшының болашағын 18 қарашадан кейін шешеді деп хабарлаған болатын.

Әліп «Зенит» сапына 2022 жылдың ақпанында қосылып, биылғы 31 желтоқсанға дейін «Қайраттан» Ресей командасына жалға берілген. 22 жастағы қорғаушы «Зенит» сапында 19 ойын өткізген, екі сары қағазы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Трансфер

Трансфер

Футбольные трансферы, последние новости, возможные переходы, рейтинг самых дорогих приобретений, таблица

Пікірлер 0