Бокстан Азия чемпионатының төртінші күнінің трансляциясы

Бокстан Азия чемпионатының төртінші күнінің трансляциясы

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін қазақстандық үш боксшы рингке шығады.

Жарыстың төртінші күні Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен жұдырықтасады. 67 келіге дейінгі салмақта Дулат Бекбауов түркменстандық Сапармұрат Одаевпен кездеседі. Асланбек Шымбергенов филиппиндік Маржон Пианьярмен сынға түседі.

Күндізгі сессия Астана уақытымен сағат 16.00-де, кешкі сессия 21.00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или