Холанд Мбаппені басып озып, Transfermarkt нұсқасы бойынша әлемнің ең қымбат ойыншысы атанды

Холанд Мбаппені басып озып, Transfermarkt нұсқасы бойынша әлемнің ең қымбат ойыншысы атанды

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд Transfermarkt нұсқасы бойынша әлемнің ең қымбат ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы норвегиялық футболшының трансферлік құны 20 миллионға өсіп, 170 млн еуроны құрады. ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе (160 миллион еуро) екінші орынға түсіп қалды, ал мадридтік «Реал» ойыншысы Винисиус үшінші орнын (120 миллион еуро) сақтап қалды.

Холандтың әріптесі, «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Фил Фоден (110 миллион еуро) төртінші орынға көтерілді. Топ-5 қатарын «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Педри (90 миллион еуро) түйіндеді.

Холанд осы маусымда «Манчестер Сити» сапында 16 ойынға қатысып, 22 гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или