Бокс

Головкин аустралиялық боксшымен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Головкин аустралиялық боксшымен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин аустралиялық Майкл Зерафамен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы аустралиялық боксшы жергілікті спорт арнасына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, Головкин мен Зерафа командалары арасында жекпе-жек өткізу туралы ауызша келісім бар. Қос тарап келер жылы наурыз айында Аустралияда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

Майкл Зерафа мансабында 34 мәрте шаршы алаңға шығып, оның 30-нда жеңіске жеткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0