Азия чемпионатының екінші күнінің тікелей трансляциясы

2 қарашада Иордания астанасы Амманда өтетін бокстан 2022 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық үш боксшы жүлдеге таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың екінші күнінде рингке Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі) және Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) шығады.
Түстен кейінгі сессия Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады, оны Сәкен Бибосынов пен түрікменстандық Ихлас Гылычжанов арасындағы жекпе-жек ашады.
Сессияның жетінші белдесуінде Санатәлі Толтаев өзбекстандық Руслан Абдуллаевпен жұдырықтасады.
Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-де басталатын кешкі сессияны Серік Теміржанов пен үнділік Спарш Кумар арасындағы жекпе-жек ашады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или