Бокс

Сәкен Бибосынов Азия чемпионаты алдында сенімді мәлімдеме жасады

Сәкен Бибосынов Азия чемпионаты алдында сенімді мәлімдеме жасады

Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов Instagram-дағы парақшасында жанкүйерлеріне үндеу тастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бибосынов Амманда (Иордания) басталған Азия чемпионатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

«Қолдауларыңызға көп рахмет! Сіздердің зор үміттеріңізді ақтап, барша Қазақстан халқын алтынмен қуантатынымызға сенеміз», - деп жазды Бибосынов әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Бибосыновтың турнирдегі алғашқы қарсыласы кеше белгілі болды. 2 қарашада 51 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда үнді боксшысы Спарш Кумармен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0