Шәміл Сафиуллин: Кез келген қарсыласқа және бәсекеге дайынбыз

Шәміл Сафиуллин: Кез келген қарсыласқа және бәсекеге дайынбыз

Бокстан еліміздің әйелдер құрамасының бас бапкері Шәміл Сафиуллин қазақстандық спортшылардың Азия чемпионатының жеребесі туралы айтып берді.

«Жеребеге көңілім толады. Шынымды айтсам, мені Олимпиада бағдарламасына кіретін 66 кг дейінгі салмақта аз спортшы келгені таңғалдырады. Алдағы күндері Үндістан, Жапония, Тайпэй қыздары біз үшін негізгі қарылас болмақ. Сондай-ақ Өзбекстан да кейінгі жылдары қарқынына-қарқын қосып келе жатыр. Қалай болса да біз кел келген қарсыласқа және бәсекеге дайынбыз»,-деп айтты әйелдер құрамасының бас бапкері Шәміл Сафиуллин.

Айта кетейік, сары құрлық додасын әдеттегідей Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или