Бокс

Бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды

Бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды

Санаулы сəттер бұрын Амманда бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Ертеңнен бастап 13 қарашаға дейін Иордания төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады.

Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 еркек пен 86 əйел сынға түседі. Осы тұста бəсекені Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайтынын айта кету керек. Бұл дегеніміз, Ұлттық құраманың жартысынан көбі.

Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мадина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Лəззат Күнгейбаева (+81 кг) өз салмағында аз боксшы келгендіктен кемі қола медальге ие болады. Алайда жерлестеріміз мұнымен шектеліп қалмайды, деп сенеміз. Ерлер арасындағы жеребе:

1/8 айналым

48 кг. Санжар Ташкенбай – Асылбек Жалилов (Өзбекстан)

51 кг. Сәкен Бибосынов – Нуржигит Дуйшебаев (Кырғызстан)/Кумар Спарш (Үндістан)

57 кг. Серік Теміржанов – Абукузаил Турки (Кувейт)/Ихлас Гылычжанов (Түркменістан)

63,5 кг. Санатәлі Төлтаев – Шунсуке Китамото (Жапония)/Руслан Абдуллаев (Өзбекстан)

67 кг. Дулат Бекбауов – Сапармурат Одаев (Түркменстан)

71 кг. Асланбек Шымбергенов – Пианар Маржон (Филиппин)

Ширек финал

54 кг. Махмұд Сабырхан – Чожан Фануват (Таиланд)/Ганболд Доржнямбуу (Моңғолия)

60 кг. Саматәлі Төлтаев – Мирзохид Имамназаров (Кырғызстан)/Шукур Овезов (Түркменстан)

75 кг. Нұрқанат Райыс – Сагын Сатыбалдыуулу (Кырғызстан)/Кан Чей Вей (Тайбэй)

80 кг. Нұрбек Оралбай – Анвар Насрединов (Камбоджа)/Жонгжохо Вирапон (Таиланд)

86 кг. Сағындық Тоғанбай – Навруз Джафоев (Тәжікстан)

92 кг. Айбек Оралбай – Навин Кумар (Үндістан)

+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев – Вишах Моханнад/До Хьен Ким ( Оңтүстік Корея)

Әйелдер арасындағы жеребе нәтижесі:

1/8 айналым 

50 кг. Назым Қызайбай – Раксат Чутамат (Таиланд)

Ширек финал

48 кг. Алуа Балқыбекова – Йодвари Ципсатча (Таиланд)/Шин Пор Алти (Филиппин)

52 кг. Жазира Орақбаева – Чавон Ким (Оңтүстік Корея)

54 кг. Жайна Шекербекова – Хана Нарита (Жапония)

57 кг. Карина Ибрагимова - Им Аежи (Оңтүстік Корея)

60 кг. Римма Волосенко - Номин-Эрден Тугсжаргал (Моңғолия)

63 кг. Аида Әбікеева – Маи Кито (Жапония)

70 кг. Дариға Шәкімова – Пужа (Үндістан)

75 кг. Валентина Хальзова – Ловлина Боргоян (Үндістан)

Жартылай финал

66 кг. Мадина Нұршаева – Чой Хонгу (Оңтүстік Корея)

81 кг. Гүлсая Ержан – Ти Хонг Нгуен (Вьетнам)

+81 кг. Ләззат Күнгейбаева – Альфия Тараннум Акрам (Үндістан)

Түпнұсқасы: kazsports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0